Коронавирус Италияға жетті
Италияда короновируспен ауырған екі адам тіркелді.
14:41 31.01.2020
Бұл туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді. Ауруды жұқтырғандар - екі қытайлық азамат. Екі турист бірнеше күн бұрын Италияға сапар шегіп келіпті.
"Біз оларды басқалардан алшақтату үшін бар күш жұмсадық", - деді Конте.
Екі науқас тіркелгеннен кейін Италия Қытаймен арадағы әуе байланысын тоқтату туралы шешім шығарған. Бұған дейін, ауру Үндістан мен Финляндияда табылғаны айтылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын халықаралық ахуал деп атап төтенше жағдай жариялады. Аталған індет 221 адамның өмірін қиып үлгеріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!