{metadescription}
Жауынгерлер мешіт пен балабақшаға оқ жаудырды

Жауынгерлер мешіт пен балабақшаға оқ жаудырды

Жауынгерлер, мешіттің астаң-кестеңін шығарып ғана қоймай, сол аудандағы балабақшаға да оқ атты.

Алеппо қаласына қарасты Шахба ауданында орналасқан мешіт пен балабақшаға жауынгерлер оқ жаудырды. Қарулылар Шахбадағы ірі мешіттердің бірі "Абу Ханифа" мешітіне шабуылдады.

"Сарбаздар Алла үйіне минометтер арқылы оқ атқан. Соның салдарынан, мешіттің терезелері қирап қалған. Шабуыл кешкі намаз уақытынан кейін басталыпты. Аталмыш мешітте әдетте, намаз уақытында шамамен 500-ден астам адам жиналатын", - делінген хабарламада.

Мешітке шабуыл жасалған кезде ғимарат күзетшілері мен қайырымдылық қорының бірнеше өкілдері жертөлеге тамақ әзірлеуге мақсатында түсіп кеткен. Осылайша олар бір өлімнен аман қалған. Айтпақшы, сарбаздар осымен бір айда екі мәрте мешітке шабуыл жасады. Билік болса, имамдардың шабуылдарды тоқтату жайлы жанайқаларына "оқ жаудыру тәсілімен жауап беруден" тайынбауда. Жауынгерлер, мешіттің астаң-кестеңін шығарып ғана қоймай, сол аудандағы балабақшаға да оқ атты. Балалардың қауіпсіздігін ойлаған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің басшылығы  балабақшаны уақытша жабуды ұйғарып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде