{metadescription}
Елбасының экс-күйеу баласы қайтыс болды

Елбасының экс-күйеу баласы қайтыс болды

Ақаевтар отбасы Мәскеуге қоныс аударған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлияның бұрынғы күйеуі Айдар Ақаев қайтыс болды. Ол Қырғызстанның тұңғыш президенті болған Асқар Ақаевтың ұлы болатын. 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмаған. Қайтыс болған оған кезінде "экономикалық қылмыс жасады" деген айып тағылған. Оған қоса, Қырғызстанның бұрынғы президентінің жиені де қайтыс болған. 59 жастағы жиені Құбан Ақаев ауырып көз жұмыпты. 

2005 жылы «қызғалдақ революциясынан» соң Асқар Ақаев елінен кетуге мәжбүр болды. Соның салдарынан, ол лауазымды қызметтен босап, елден қашып кеткен. Ақырында Ақаевтар отбасы Мәскеуге қоныс аударған. Сол кезден бері Әлия Назарбаеваның экс-күйеуі жеке кәсібін дөңгелеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.