{metadescription}
Зауыт жұмысшысы айлық талап етіп, басшылықты пышақпен қорқытты

Зауыт жұмысшысы айлық талап етіп, басшылықты пышақпен қорқытты

Өзбекстанда Навои қаласындағы "Қызылқұмцемент" зауытының жұмысшысы директор мен бухгалтерді пышақпен қорқытты.

Ол қаңтар айының жалақысы 2,5 есе аз шыққанына наразы болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, зауыттағы бұл жағдай 10 ақпанда болған. Зауытта істейтін бір әйел қаңтар айындағы жұмысы үшін 800 мың сум (шамамен 85 доллар) алған. Бұған наразы болған жұмысшы пышақ алып, әуелі бухгалтерге, одан соң зауыт директорына шабуылдаған. Дегенмен оның әріптестері наразы әйелді тоқтатып үлгерген.

"Ол Навои қаласынан біздің зауыттың Нурат қаласындағы филиалына күнде қатынап жүрді. Екі қаланың арасы 60 шақырым. Жолға күнде 30 мың сум кетеді. Ал оған 800 мың сум ғана төлеген. Ол сол себепті ызаланды", - дейді зауытта істейтін бір жұмысшы.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан соң зауыт директоры әйелді Навбахор ауданындағы психиатриялық ауруханаға жіберуді бұйырған. Зауытта істейтіндердің көбі қаңтар айында 2,5-3 есе аз жалақы алғанын айтып отыр.

"Зауыт басшылығы жұмысшылардың ашу-ызасын туғызатын әрекеттерге барып отыр. Мысалы, қаңтар айында мен 1 миллион сум (шамамен 100 доллар) алдым. Қалған үш миллионды сынып қалған құрылғы үшін ұстап қалған. Мен жүргізетін бульдозер совет заманында шығарылған", – деп ашуланды зауыт жұмысшысы.

Зауыт әкімшілігі болған оқиғаны растады, бірақ жұмысшылар айлығының не себепті қысқарғаны туралы сауалға жауап бермеді.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде