{metadescription}
Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды

Diamond Princess лайнеріндегі қырғыз жолаушысының коронавирус жұқтырғаны расталды.

Ол енді толық сауығып шыққанша Жапония ауруханасында болады. Круиз кемесінің қырғыз жолаушысы коронавирус жұқтырғаны анықтады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты. 26 ақпан күні тапсырған Қырғызстан азаматының сынағы оң нәтиже берді. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды. Коронавирус оның кемедегі көршісінен жұққан.

"Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді", - деді Абдрахманов.

Жапония тарапы қырғыз азаматы толық сауығып кетпейінше елден шығарылмайтынын хабарлап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде