Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арменияда бір адам коронавирус жұқтырды
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 86,5 мың адамнан асты, оның 6,7 мыңы Қытайдан басқа елдерде тіркелді.
12:31 01.03.2020
Арменияда бір адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Науқас – 29 жастағы азамат, ол 28 ақпанда әйелімен Ираннан ұшып келген", - деп жазды премьер.
Жалпы, әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны өсіп келеді, соңғы деректер бойынша 86,5 мың адамнан асты, деп хабарлайды South China Morning Post газеті. Қытайда дертке шалдыққандар саны 79 824 адам болса, басқа елдерде науқастардың саны 6,7 мың адамға жетті.
Қытайдан тыс жерде коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулікте 88-ден 109 адамға жетті: 43 адам Иранда, 29 адам Италияда, 17 адам Оңтүстік Креяда, 11 адам Жапонияда (оның төртеуі Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушысы), екі адамнан Гонконг пен Франция, бір адамнан АҚШ, Ұлыбритания, Эквадор, Тайвань мен Филиппинде қайтыс болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram