{metadescription}
Ақтауда ұрылар касса аппаратын ұрлап, видеоға түсіп қалған
Ақтауда екі азамат фастфуд сату нүктесіндегі касса аппаратын қолды қылды.
10:42 02.03.2020
Оқиға 1 наурыз күні "Аққала Молл" ойын-сауық орталығында болған. Ұрылардың әрекеті сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео кадрларынан екі ер адамның мейрамханаға кіріп, онда тұрған касса аппаратын алып кеткені көрінеді.
Мейрамханалар желісінің әкімшілігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің өкілдерінен де әзірше мәлімет келіп түскен жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!