Алматыда үш секс-притонның жұмысы әшкере болды
Алматыда қонақ үй атымен жасырынып, жұмыс істеп келген үш секс-притон анықталды.
12:18 02.03.2020
Екі қонақ үй кешені - Түрксіб ауданында, бір қонақ үй Әуезов ауданында болған.
«Өткен аптада полиция арнайы рейд жүргізді. Тексеру нәтижесінде үш қонақ үйде заңсыз жыныстық қатынас қызметі ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл жолы біз ЖИТС орталығы мамандарын тарттық. Олар жылжымалы зертхана арқылы әйелдерді тексерді», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.
Жалпы алғанда полиция бөлімшесіне жезөкшелікпен айналысқан 30 әйел жеткізіліпті, олардың үшеуі Өзбекстан азаматы екен. Белгілі болғандай, бұл азаматшалар осы қонақ үйлерде тұрақты қызмет еткен. Ғимарат иелері заң алдында жауапкершілікке тартылатын болады. Түнгі көбелектер қонақ үйлерде олар біраз уақыт жұмыс істеп келген.
11 ақпанда басталған операция нәтижесінде арнай топ 245 әйелді бөлімшеге жеткізген. Олардың ішінде үшеуі Ресей, алтауы Өзбекстан, тағы алтауы Қызғызстан мен біреуі Украина азаматтары. Жеке құжаты жоқтары абақтыға жабылыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!