Аспанда жарылған ірі метеор видеоға түсіп қалды
Хорватия астанасының үстінен ірі метеор ұшты.
13:55 02.03.2020
Видео қолдан-қолға жылдам тарап жатыр. Загреб тұрғындары аспаннан жарқ еткен жарықты көріп, гүрс еткен жарылысты естіді. Біраз үйлердің терезесі дірілдеп кетті. Сейсмографтар бұл жарылысты басында жер сілкінісі деп тіркеген. Ал Хорватияның астрономиялық одағы (CAU) оның болид болғанын – жарылған нысанның метеор екенін растады.
Болид сондай-ақ Италияның солтүстігінде, Словения мен Австрия тұрғындарына көрінді. CAU деректерінше, метеор жерден 30 шақырым биіктікте жарылды. Астрономдар аспаннан түскен тастың кей бөлшектері атмосферадан аман қалып, Жерге түсуі мүмкін екенін айтады.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!