Қазақстандық журналист созылған сырқатынан қайтыс болды
"Казахстанская правда" газетінің арнайы тілшісі Ирина Нос ұзаққа созылған сырқаттан кейін қайтыс болды.
15:46 02.03.2020
Бұл туралы журналистің әріптестері хабарлады. Ирина Нос 1962 жылы 13 қыркүйекте Целиноградта (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында) дүниеге келген. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында (бүгінгі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде) "сәулетші" мамандығы бойынша оқыды.
Журналистика саласында 17 жыл жұмыс істеді. Ал "Казахстанская правда" газетінде 10 жылға жуық уақыт қызмет етті. Экономика бөлімінің шеф-редакторы болды, экономика мен қаржы тақырыбында өз бағанын жүргізді. Ирина Носты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 4 наурызда сағат 11:00-де болады.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!