Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті
Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына неге виза беруді уақытша тоқтатқанын түсіндірді.
17:27 02.03.2020
Бұған дейін Сауд Арабиясы коронавирус тараған елдердің азаматтарына елге кіруге тыйым салғаны хабарланған еді. Туристік виза беру уақытша тоқтатылған елдердің арасында Қазақстан да бар.
"БАҚ беттерінде әу баста дұрыс ақпарат тараған жоқ. Жарияланған тізімде небәрі жеті ел болды. Ал шын мәнісінде 21 елге шектеу қойылды. Қазақстан визаны Сауд Арабиясының әуежайына қонғаннан кейін ала алатын 49 елдің ішіндегі жеті мемлекеттің қатарында көрсетілді. Қалған 14 ел визаны рәсімдегеннен кейін ғана Сауд Арабиясына келуге міндетті болатын", - деп түсіндірді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, ақпараттың дұрыс таралмауынан Қазақстанда коронавирус бар сияқты және шектеуге де сол себепті іліккен секілді көрініп қалды. 27 ақпанда Сауд Арабиясы Корольдігі коронавирус індетінен сақтану мақсатында қажылық жасау үшін Мекке мен Мәдина қалаларына кіруді уақытша тоқтатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!