Нұр-Сұлтанда мұғалімдерге сыйлықтар үшін ақша жинаған ата-аналар наразылық білдірді
Елордалық мектептердің бірінде 8 наурызға мұғалімдерге сыйлықтар үшін заңсыз ақша жиналған.
14:13 05.03.2020
Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева айтты.
"Елорданың №68 мектебінде заңсыз қаражат жинау туралы ақпарат түсті. Дереккөзге сүйенсек, ата-аналар комитеттері 8 наурызға мұғалімдерге сыйлықтар мен қуыршақ театрына билет үшін ақша жинады", - деді Жазира Жылқышиева брифингте.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері білім департаментімен бірлесіп тексеру жүргізді. Ақша жинау тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!