{metadescription}
Дариға Нарзарбаева агроөнеркәсібінің дамуныа не кедергі екенін айтты

Дариға Нарзарбаева агроөнеркәсібінің дамуныа не кедергі екенін айтты

Азық-түліктің молшылығы мен қауіпсіздігі бүгінде барша әлемді толғандырып отырған мәселе.

Бүгінде Қазақстан халқы қорек ететін азық-түліктің 80 пайызы импорттық өнімдер екен. Ал, өзгеге базарлайтын өніміміздің көлемі небары 40 пайыздан аспайды. Әсіресе соңғы 10 жылда агроөнеркәсіптік кешеннің ірі тоқырауға ұшырағаны айқын көрініп тұр. Биылғы жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында осы сауалдарға жауап ізделген 12 жиын өткен еді. Оларда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің барлық саласына қатысты мағлұматтар ортаға салынып, орын алған олқылықтардың себебі мен салдары зерделенген болатын.

Жиында алғашқы сөзді алған осы игілікті шаралардың бастамашысы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның сөзі ауылшаруашылығына қатысты мәселенің өзекті қырларын, маңызын ашқан тың пайымдауға толы болды. Дариға Нұрсұлтанқызы өз ойын ауыл оңалмай, ел тоғаймайтындығы жөнінде тұжырымнан тарқатты.

«Қазақтың түп-тамыры ауылда жатыр, ауыл отаншылдықтың қайнар көзі және байырғы дәстүрлердің бұлағы», - деді Дариға Назарбаева.

Сенат төрағасы ел халқының 42 пайызына тең ауылдықтардың жалпы табыстың өсуіне қарамастан кедейлік шегінде өмір сүріп жатқанын айтып, оның себебі ауылшаруашылығының өнеркәсіп ретінде тоқырап тұруымен байланысты екенін айтты.

 Жердің құқықтық мәртебесі айқындалсын

Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасының негізгі саласы. Осы ретте Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусиннің пікірі айрықша назар аудартты. Дүйсенғазы Мағауияұлының айтуынша, барлық проблема несие қаражаттарының жеткіліксіздігі мен қолжетімді болмауы, саланың инфрақұрылымын қаржыландыру деңгейінің төмендігі, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің, қызметтердің, шикізат пен азық-түлік бағаларының теңсіздігі, ауыл тұрғындарының өз кәсібін ұйымдастыруға қаражаты мен білімінің жетпеуі себеп болып отыр.

Мамандардың дені зейнеткерлер мен өздері үйренгендер

«Олжа-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Айдарбек Ходжаназаровтың сөзі де саланың өзекті мәселелерін қозғады. Оның айтуынша, елімізде егіншілік мәдениеті төмен. Бұған көбіне не ауа райы, не климат сылтау етіледі. Шын мәнінде ауылшаруашылығы техникасының 85 пайызының пайдаланылу мерзімі он жылға асып кеткен, себілетін тыңайтқыш көлемі гектарына 5 кг-ды ғана құрайды. Шаруашылықтарда малды қарайтын, малшаруашылығын жоспарлайтын адам табу қиын. Агроном, фитопатолог, ветеринарларға қатысты да осындай жағдай. Қазіргі таңда мысалы «Олжа Агро»-да 270 бос орын тұр. Соның ішінде 20 агроном, 114 механизатор, 3 мал дәрігері және 20 зоотехник қызметтері. Жұмыс істеп жүрген зоотехниктердің жартысы зейнет жасындағылар. Мүмкін бұл жағдайды «Болашақ» бағдарламасы бойынша гранттар бөліп шешу керек шығар? Қазір Қазақстанда ауылшаруашылығында тек зейнеткерлер мен өз бетінше үйренгендерге ғана арқа сүйеуге болады. Бұл білім беру және ғылыми негіз әлсіздігінің салдары.

Аграрлық мамандықты негізінен басқа оқуға түсе алмағандар таңдайды. Ел көлемінде ауылшаруашылығы мамандығына студенттердің 2 пайызы ғана оқып жатыр. Олардың 53 пайызы бірінші жылы жұмысқа орналаса алмайды. Осылайша ауылшаруашылығы мамандарының 80 пайызы бұл салаға келмейді. Соның салдарынан біліктілігі төмен маман қаптап кеткен.  

Ауылшарушылығын қаржыландыруда сәйкессіздік бар

Ұлттық аграрлық білім беру орталығы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Төлеутай Рахымбековтың айтуына қарағанда, агроөнеркәсіп саласы бойынша ғылыми жұмыстар аз емес. Мәселен, өсімдік шаруашылығы бойынша 300, мал шаруашылығы бойынша 200 зерттеме бар. Алайда, олардың тек 8 пайызы өндіріске жетеді екен. Егістік алқаптарының 32 пайызы отандық селекциямен қамтылған. Бұған себеп болып отырған жағдай білім, қаржы және технологияны коммерциализациялаудағы ұйымдастырушылықтың төмендігі. Былтыр аграрлық ғылымды қаржыландыру 17,5 млрд теңге көлемінде ғана болып, жалпы өнімнің 0,4 пайызына тең болды. Мұның сыртында ғылымды қаржыландыруда да елеулі сәйкессіздік бар. Яғни, қаржының 90 пайызы ғылыми зерттеуге кетеді де, тәжірибеге 10 пайызы ғана жұмсалады. Ал, коммерциялауға бір тиын да бөлінбейді. Негізінде ғалымдардың есептеуі бойынша Қазақстан тұқым, ет, сүт, көкөністі қазіргіден екі есеге артық әрі сапалы өндіре алады. Азық-түлік тапшылығының тағы бір себебі ауылшаруашылығының қазіргі малшаруашылығы, өсімдікшаруашылығы және қызмет саласы болып құрылуында болып отыр. Соңғы саланың үлесі 0,3 пайызға тең. Қызмет саласы дегеніміз өнімді дайындау, сақтау, өткізу.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін тиімді және жеткілікті қаржыландырудың қажеттігін жиында Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова да айтты. Өкінішке орай, екінші деңгейлі банктердің несие портфеліндегі ауылшаруашылығының үлесі былтыр бұрнағы жылдардағыдан екі еседен артыққа азайып, 3,5 пайыз болыпты. Агронөркәсіптік кешенді тиімді қаржыландыру үшін несие мен субсидия ұсыну қағидаттарын тұтастай қайта қарап, онда борышкерлердің бұрын бетпе-бет келген проблемалары ескерілу керек, құрылымдық тәуекелдер азайтылып, жаңа қаржы құралдары іске қосылуы қажет.

Министр не дейді?

Ауылшаруашылығы министрі айтылған мәселелердің өзектілігін жоққа шығармады. Оның пікірінше, құзырлы орын Сенат депутаттарымен кездесу барысында көтерілген проблемаларды жіті зерттеп, зерделепті. Соның арқасында расында да субсидиялау тәртібіне өзгерістердің жиі енгізілетініне көз жеткізген. Мысалы соңғы бес жыл ішінде бұл көмек түрі 47 рет түзетілген екен.

Дереккөз: zanmedia.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде