{metadescription}
Дмитрий Медведев Қазақстанға келді   

Дмитрий Медведев Қазақстанға келді   

Нұр-Сұлтандағы ресми кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастар, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанның астанасына келді. Мұнда ол ел басшылығымен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылайды. 6 наурызда Дмитрий Медведев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстанның тұңғыш президенті, елдің Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

"Жұмыс кездесулері барысында Медведев Ресей-Қазақстан қатынастарын, оның ішінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды", - деп атап өтті ведомство.

Қаңтар айының ортасында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин өз жарлығымен елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын енгізіп, бұл қызметке бұрынғы премьер-министр Дмитрий Медведевті тағайындады. Бір күн бұрын, 15 қаңтарда Владимир Путин Федеральдық жиналысқа жыл сайынғы жолдауын жасады. Жолдаудан кейін Дмитрий Медведев министрлер кабинеті толықтай отставкаға кеткенін мәлімдеді.  

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.