Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сұраусыз қалған 675 мың шоттың иесін тапты.
11:40 06.03.2020
Оларға көп жылдан бері жарна түспеген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері өткен жылы сұраусыз қалған 675 мың зейнетақы шотының иелерімен байланыс орнатты. Олар – бір жыл және одан да көп жылдардан бері жарна түспеген "ұйқыдағы" шоттар. Арасында өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар, сондай-ақ зейнетақы жарналарын уақытша аудармағандар: үйде бір жылдан астам уақыттан бері декреттік демалыста отырғандар, тәжірибе жұмысындағылар, тағылымдамадан өтушілер, үй шаруасындағы әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, әскери қызметшілер және сотталғандардың шоттары бар.
Қор мамандары ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары аясында салымшыларға міндетті зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығын түсіндірді. Соның арқасында 128 мың жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 4 миллиард теңгеге 523 202 жарна келіп түсті. Осылайша БЖЗҚ "ұйқыдағы" шоттарды жандандыру, соңғы жылдары шоттарына зейнетақы жарнасын аудармай жүрген салымшыларды іздестіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары