Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әзербайжанда Ираннан оралған үш адамнан коронавирус табылды
Ираннан оралған Әзербайжанның үш азаматынан COVİD-19 коронавирусы анықталды.
10:14 07.03.2020
Үшеудің біреуі - 1938 жылғы ер адам Ираннан келген соң біраз уақыттан кейін денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты ауруханаға жүгінген. Тексеру кезінде одан пневмония табылып, зертхана сынамасы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растады. Қазіргі уақытта сырқаттың жағдайы жақсарған.
Қалған екеуі 1993 және 1994 жылғы студенттер. Олар Иранның Гум қаласында оқиды. Иран-Әзербайжан шекарасынан өткен кезде олар карантинге жатқызылған. Олардан коронавирус инфекциясы табылды. Олардың жағдайы бірқалыпты, екеуінде де дене қызуы жоқ. Жедел штабтың мәлімдеуінше, үш науқас ерекше режімдегі ауруханаға жатқызылған, оларды емдеуге қатысты тиісті шаралар қолға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram