Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Елордалық полицейлер көлік мінген әйелдерді тоқтатты
Полицейлер көлік жүргізуші әйелдерге әкімшілік хаттама толтырудың орнына жақсы тілектерін айтып, қызғалдақ гүлін сыйлады.
10:11 08.03.2020
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен волонтерлер жүргізуші қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер мерекесімен ерекше құттықтады. Олар көшеде әйелдерге қызғалдақ гүлін сыйлады. Мереке қарсаңында полицейлер көлік жүргізуші әйелдерге ескерту жасау мен әкімшілік хаттама толтырудың орнына жақсы тілектерін айтып, көктемнің символы – қызғалдақ гүлін сыйлады.
Қолында таяқшалары бар полицейлерді көргеннен, қыз-келіншектер қалай жол жүру ережесін бұзғанын есіне түсіріп сасқалақтап қалатыны бар. Алайда полицейлердің құттықтауын естіп, таңданысын жасыра алмады. Әрбір әйел жүргізуші үшін бұл күтпеген тосын сый болды. Олар таңғалғанымен қатар, алғысында білдіріп жатты.
"Сізді Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Жол ережесін сақтап, жолда абай болыңыз", - деп тілек білдірді әйел жүргізушілерді тоқтатқан Әкімшілік полиция басқармасы мамандандырылған батальон командирінің орынбасары Тимур Тұяқбай.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram