Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның батысында пойыз аударылды
Жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне техникалық ақау себеп болуы мүмкін, зардап шеккендер жоқ.
17:35 08.03.2020
Батыс Қазақстан облысының Сайқын кентінде 7 наурыз күні кешке №10518 Саратов – Астрахан бағытындағы жүк пойызының бес вагоны жолдан шығып кетті. Пойыз вагондарына астық тиелген. Төтенше жағдай түнгі он бірлер шамасында болды.
"Болжам бойынша апатқа дөңгелектегі жарықшақ себеп болуы мүмкін. Бес вагон (№14, 15, 16, 17, 18) рельстен шығып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Апатқа байланысты жолаушылар мен жүк пойыздары басқа жолмен жүреді", - деп мәлімдеді БҚО төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдайды жоюға "Ресей темір жолы" ААҚ-ның 16 жұмысшысы мен БҚО ТЖД-ның төрт қызметкері жұмылдырылған.
"Қазір арнайы қызметтер жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр", - деп мәлімдеді Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов.
Оның айтуынша, пойыздың аударылуына вагондардағы ақау себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себебін құзырлы органдар анықтайды, төтенше жағдай бойынша тексеріс басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram