{metadescription}
Әйелдер боксынан Олимпиадаға жалғыз жолдама бұйырды

Әйелдер боксынан Олимпиадаға жалғыз жолдама бұйырды

Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер боксынан Қазақстан құрамасына жалғыз жолдама бұйырды.

75 келіде ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшы Надежда Рябец аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасынан жалғыз жолдамаға иелік етті. Ол ширек финалда вьетнамдық Нгуенмен кездесіп, нәтижесінде төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасынан аталған турнирге барған боксшылар арасынан жалғыз өзі Олимпиадаға жолдама жеңіп алды. Ерік Алғабек әйелдер боксынан олимпиадалық іріктеу турниріне 5 салмақтан 5 боксшы алып келген болатын. Өкінішке қарай соның біреуі ғана Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.