Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жолаушылар автобусы өзенге құлап, 25 адам көз жұмды
Пәкістанның солтүстігінде автобус жол апатына ұшырап, 25 жолаушы қаза тапты.
08:05 10.03.2020
Ақпарат агенттігі бастапқыда 19 жолаушы қаза тауып, 6 адамның жарақат алғанын жазды. Одан кейін Билгит-Балгистанда жол апатына ұшыраған автобус ішіндегі барлық жолаушы қаза тапқаны жазылды.
Гилгит-Балгистан үкіметінің баспасөз хатшысы Файзулла Фирактың айтуынша, Равалпиндиден Скардуға бара жатқан автобус Руондоо өзеніне жырадан құлап кеткен. Кейбір мәліметтер бойынша, жүргізуші автобус рөлін басқара алмай қалған. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар оқиға орнына келіп, қаза болған адамдардың денелерін алып шыққан.
Пәкістанда жол-көлік оқиғалары жиі болып тұрады. Оның көбі жолдың нашар болуынан және көлік жүргізушілерінің жауапсыздығынан болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram