Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында ер адам 7 жасар қызды ұрлап, жертөлеге қамап қойған
Алматы облысы Талғар ауданының Талдыбұлақ кентінде жоғалған 7 жасар қыз жертөледен табылды.
10:49 10.03.2020
Полицейлердің айтуынша, Талдыбұлақ тұрғынынан 7 наурыз күні сағат 20.34-те 2012 жылы туған баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары сол сәтте жедел-іздестіру жұмыстарын бастады.
"Осы ауылдың бір ғимаратының жертөлесінде серуендеу кезінде жоғалған бала табылды. Ол жерде 1990 жылғы күдікті азамат Н. ұсталды. Бұл факті УДР-да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен көзделген қылмыс негізінде тіркелді ("Кәмелетке толмағандарға зорлық")", - деді полиция.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram