Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды
Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды.
13:20 10.03.2020
Францияның мәдениет министрі Франк Ристер коронавирустың жаңа түрі COVID-19 жұқтырды. Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда.
Агенттік мәліметінше, Франк Ристер өткен аптада коронавирус жұқтырған біраз депутат қатысқан Ұлттық жиналыста бірнеше күн болған. Алайда шенеунік өзін "жақсы" сезінген. Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.
Айта кетейік, дүйсенбідегі жағдай бойынша, Францияда 1412 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 25 адам қайтыс болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram