Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда психологиялық ауытқуы бар 16 жастағы қыз жоғалып кетті
Екатерина Мелкова 6 наурыз күні Гоголь, 20 мекенжайынан шығып кеткен.
20:21 10.03.2020
Содан бері үйіне оралмады. Қыздың жақындары психологиялық ауытқуы болғандықтан, үйге қайтар жолды ұмытып, адасып кеткен болар деп топшылап отыр . Бойжеткеннің үстінде түрлі-түсті күрте мен жасыл шалбар болған. Қыздың ата-анасы Жетісу аудандық ІІБ арызданды.
«Қазір бойжеткенді іздестіру бойынша арнайы тергеу тобы құрылды. Оның құрамына криминалды полиция, жасөспірімдер ісі бойынша полиция бөлімшесінің мамандары, учаскелік инспекторлар кірді. Мұның алдында да бұл қыз үйінен кеткен. Қазір оның айналасы, араласатын ортасы тексеріліп жатыр. Бойжеткен аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылады деген үміттеміз», - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram