Алматыдан 416 шақырым қашықтықта жер сілкінді
«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.
09:37 11.03.2020
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 11 наурызда Алматы уақыты бойынша 02 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Сейсмологтер хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 416 шақырымда, Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9.0. MPV магнитудасы 3.8. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер дүмпуінің сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!