Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 17 жастағы бойжеткен көпірден секіріп мерт болды
Алматы облысында Талғар қаласында бойжеткен көпірден секіріп кетті.
11:40 12.03.2020
Оқиға 11 наурыз күні орын алған. Суицид жасаған бойжеткен туралы түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып кетіпті. Видео авторының сөзінше, өзен өткелінен 11 сыныптың оқушысы секіріп кетіпті. Қыз баланың денесі өзеннің бетіне қалықтап шығыпты.
Көпірге келіп жеткен құтқарушылар оның мәйітін судан шығару үшін төмен түсіпті. Салдарынан жолда кептеліс туындаған. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі аталған жағдай жайлы пікір білдірді.
"11 наурыз сағат 17:45-те Талғар ауданында 2003 жылғы қыздың өзіне қол жұмсауы фактісі тіркелді. Қазір аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Сот сараптамасы тағайындалды. Жасөсіпірімнің бұл әрекетке не үшін барғандығы анықталуда", - делінген ресми хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram