{metadescription}
Қонақүй опырылып, 29 адам көз жұмды

Қонақүй опырылып, 29 адам көз жұмды

Қытай шығысындағы Фуцзянь провинциясында қонақүйдің опырылып құлауы салдарынан қаза болған адамдардың саны 29-ға жетті.

Бейсенбі күні құтқарушылар үйінділер астынан тағы бір адамның денесін шығарды. Құтқару қызметінің жергілікті штабы берген мәліметке сәйкес, қаза болған адамның денесі таңертең сағат 11:04-те Цюаньчжоу қаласында анықталған. Лисэн ауданында орналасқан «Синьцзя» қонақүйі сенбі күні кешке опырылып құлады. Үйінділер астында 71 адам қалды. Соның 27-сі көз жұмды. Тағы екеуі тірі табылды, алайда оларды құтқару мүмкін болмады.

Алдын ала тергеу қонақүй ғимаратының құрылысы, жөндеу жұмыстары және тапсырылған кезде күрделі кемшіліктерге жол берілгені анықталған. Оқиғаға жауапты адамдар қамауға алынды, деп хабарлады Цюаньчжоу қаласы әкімінің орынбасары Хонг Цзицян (Hong Ziqiang). Ғимарат 2013 жылы салынған. 2018 жылдан бері қонақүй ретінде пайдаланыла бастады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде