{metadescription}
Қазақстандықтардың азық-түлікті жаппай сатып алып жатқаны рас па?

Қазақстандықтардың азық-түлікті жаппай сатып алып жатқаны рас па?

Коронавирусқа қатысты билік мәлімдемесінен кейін Алматыдағы гипермаркеттердің бірінде ұзын-сонар кезек болды.

Қазақстан билігі коронавирустан сақтық шараларын күшейткен тұста Алматы жұрты дүкендерде, супермаркеттерде жаппай азық-түлік сатып алып жатыр. 12 наурызда әлеуметтік желіде супермаркеттерде ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың видеосы да тарай бастады. Magnum-ның PR қызметі дүрбелең тек Алматы және астанадағы дүкендерде болғанын айтты.

«Екі филиалда расымен де адам көп болды. Біреуі Алматыдағы Гагарин көшесінде, екіншісі астанадағы Тұран даңғылында орналасқан. Бірақ, айтарлықтай жағдай болған жоқ», - деді Magnum дүкендер желісінің PR-директоры Дмитрий Шишкин.

Ол халыққа дүрбелеңге бой алдырмауға кеңес берді.

«Бізде және бізге тауар ұсынушыларда азық-түлік қоры жеткілікті. Баға тұрақты болады, өзгермейді. Тауар жеткізушілермен осындай келісім жасалған болатын», - дейді.

Айта кетсек, супермаркеттер мен базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде