{metadescription}
Коронавирус жұқтырған алматылық қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Коронавирус жұқтырған алматылық қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Алматыда коронавируспен ауырған әйел өзімен байланыста болған адамдар туралы мәлімет беруден бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Алматы қалалық полиция департаменті коронавируспен ауырғандардың бірі - азаматша Б-ның санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, вирусқа шалдыққаннан кейін өзімен байланыста болған азаматтардың мәліметтерін беруден қасақана бас тартқанын хабарлайды. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабында (Санитарлық ережені немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтеді қалалық полиция департаментінен.

Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде