{metadescription}
Тоқаев коронавирус туралы: Сақтанғанды құдай сақтайды

Тоқаев коронавирус туралы: Сақтанғанды құдай сақтайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгенін мәлім етті.

«Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», - деді Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.

Президент сақтанғанды құдай сақтайтынын айтып өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде