Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Британдық сарапшылар: Коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін созылады
Ұлыбританияның денсаулық сақтау жөніндегі сарапшылары коронавирус пандемиясы 2021 жылдың көктеміне дейін жалғасып, британдықтардың 80 пайызын қамтып өтетіндігін болжап отыр.
17:49 16.03.2020
"Алдағы 12 айдың ішінде Ұлыбритания тұрғындарының 80%-ы COVID-19 коронавирусына шалдығады. Олардың 15%-ына, яғни 7,9 млн-ға жуық азамат ауруханаға жатуға мәжбүр болады", - делінген британдық дәрігерлер жариялаған құжатта.
Қазіргі таңда аталмыш құжат мемлекеттегі барлық ауруханалардың жетекшілеріне және бас дәрігерлеріне жолданған.Сондай-ақ бұл құжатты Біріккен Корольдіктегі бір топ сарапшылар дайындап шыққаны айтылыпты. Мамандардың болжауынша, Ұлыбританияда ауру жұқтырғандардың саны өсе келе мамыр-маусым айларында шарықтау шегіне жетеді екен. Атап кетерлік жайт, ДДСҰ мәліметіне сәйкес, бүгінгі күні Ұлыбританияда ауруға шалдыққандардың саны мыңнан асып, жұқпалы індеттен 10 адам көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram