Қазақстанда оныншы адам коронавирус жұқтырды
Елімізде Covid-19 жұқтырған оныншы адам 1986 жылы туған әйел.
19:44 16.03.2020
Ол Алматыға Стамбулдан жексенбі күні келген. Қазақстанда тағы бір адамда коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Елімізде Covid-19 жұқтырған оныншы адам 1986 жылы туған әйел. Ол Алматыға Стамбулдан жексенбі күні келген.
Осымен Алматыда сегіз және елордада екі адамда вирус анықталды. Бесеуі Германиядан, біреуі Италиядан, бір адам Сеулдан, тағы бір әйел Варшавадан келген. Алайда ол да бұған дейін Германияда болған. Тағы бір әйел Мәскеуден келген қазақстандықтың жұбайы. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 2008 жылы туған қыз да бар. Ол Алматыға Германиядан келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!