Алматы облысында ер адамды өлтіріп, әйелін зорлаған
11 наурыз күні Алматы облысының Жаңа Дәуір ауылында кәріз құдығында азапталып өлтірілген ер азаматтың денесі табылыпты.
08:41 17.03.2020
Бүгінгі күні оқиғаға қатысты күдіктілер қолға түсті. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Марқұмның тұлғасы анықталған: ол 57 жастағы ауыл тұрғыны болып шығыпты.
Полиция қызметкерлері іске қатысы бар деп тұрақты мекендейтін баспанасы жоқ екі азаматты ұстаған. 25 және 42 жастағы күдіктілер марқұмның әйелін зорлап, өзін өлтіріп тастағанын мойындапты. Тергеу материалдарына сәйкес, ішімдікке сылқия тойып алған екі азамат марқұмның үйіне баса көктеп кіріп, 57 жастағы тұрғынды ұрып-соғып, ал оның әйелін зорлай бастаған.
Артынша олар екі жәбірленушіні сыртқа сүйреп апарып, кәріз құдығына лақтырып тастаған. Алған жарақаттардан ауыл тұрғыны сол мезетте қаза болса, жәбір көрген әйел қылмыскерлердің қашып құтылып, полицияға хабар берген. Қазір аталған жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!