Түркістан облысында той жасаған тұрғын заң алдында жауап береді
Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.
09:34 18.03.2020
Өз үйінің ауласында адамдардың басын қосып, той жасаған азамат енді заң алдында жауап беретін болады. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, той жасаған тұрғын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы қаулысын ескермеген.
Оның той жасағаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған. Аталған жайт бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын атқарып, тойдың Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде өткенін анықтаған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары