{metadescription}
Алматыда жарылыс: 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақ болған

Алматыда жарылыс: 19 жастағы қыз өзіне қол жұмсамақ болған

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды.

Бостандық аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, оқиға 18 наурызда Клочкова көшесіндегі үйде болған. Мақта-газ қоспасынан 2001 жылы туған қыз зардап шекті.

«19 жастағы қыз төртінші қабатта жалғыз өзі тұрған. Ол өзіне қол жұмсамақ оймен үйдегі газ плитасын қосып қойған. Біраз уақыттан соң сіріңке шырпысын жаққан. Сол сәтте газ-ауа қоспасы атылған. Дүмпуден көршілердің есігі мен подьездегі терезелерге, ауладағы көліктерге зақым келген. Қыздың қол-аяғы, беті күйіп, ауруханаға жеткізілді», – дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Дәурен Утебаев.

Полиция аталған дерек негізінде ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.