Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Испанияда қысым көрсетілген қазақстандық студенттер елге оралатын болды
ҚР Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің мәселесін шешіп берді.
15:38 18.03.2020
Айта кетейік, Instagram желісінде қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындар тарапынан шеттеу барын айтып, шағымданған еді. Бүгін таңертең Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Direct Instagram арқылы қазақстандық студенттер еліне қайту үшін билет сатып алынғанын жазды.
«Сіздер 2 наурызда ұшып шығуларыңыз керек еді. Бас тарттыңыздар. Сіздердің өтініштеріңізге байланысты ҚазҰУ ертеңге билет сатып алып қойды», - деп жазды ол.
Өз кезегінде студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкіліне алғыс айтты.
«Біздің мәселемізге назар аударғандарыңызға көп рахмет. Қайта хабарласқандарыңызға рахмет» - деп жазды жазба авторы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram