Дәрігерлер коронавируспен күресуге көмектесетін тағамдарды айтты
Испанияның тамақтану академиясының мамандары мен диетологтар қандай азық-түлік пен көкөніс ағзаның коронавируспен күресуіне көмектесетінін айтты.
15:40 19.03.2020
Мамандар жеген тағам коронавирустың жұқтырмаудың кепілі емес екенін атап өтті. Алайда ағзаның вируспен күресіп, инфекцияға тойтарыс беруі жеген тамаққа байланысты.
"Тамақтану режимін сақтаудың арқасында ағзаның қорғаныс функциясы күшейеді. Ол инфекция тудыратын патогендік микроағзаларға тойтарыс бере алады", — деді диетолог Альма Палау.
Испанияның тамақтану академиясы президентінің айтуынша, диета мәзіріне жеміс-жидек, көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдері енуі керек. Әсіресе, балық, жаңғақ пен зәйтүн майындағы омега-3 маңызды. Олар қабынуға қарсы тұруға көмектеседі. Иммунитетті күшейтеді. Сондай-ақ, дұрыс ұйықтап, жаттығулар жасап, зиянды әдетерден арылуға кеңес беріліп отыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!