Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында коронавирус жұқтырған бір науқас ауруханаға жатқызылды
Зертханалық тексеру жүргізіліп, COVID-19 тексті оң нәтиже көрсеткен.
16:18 21.03.2020
"Ол 17 наурызда Сауд Арабиясынан Ыстамбұл мен Бішкек арқылы ұшып келген. Бұл Алматы облысында тіркелген 1-ші, ал еліміз бойынша 53-і жағдай", - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сырқаттың айтуынша,19 наурыздан ауру белгілері байқала бастаған, ал 20 наурызда Қырғауылды ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Дәрігердің қарауынан кейін науқас Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөіліміне жеткізіліп, оқшауланған палатаға жатқызылған. Зертханалық тексеру жүргізіліп, COVID-19 тексті оң нәтиже көрсеткен. Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Науқастың 11 адаммен байланыста болғаны анықталды, соның 4-еуі – өз отбасының мүшелері, 3-еуі – құлшылыққа бірге барғандар, 2-еуі достары. Байланыста болған басқалары анықталуда, облыс аумағында тұратын, сырқатпен байланыста болғандар провизорлық стационарға оқшауланады.
Сапардан келгеннен кейін науқастың Жамбыл облысы мен Алматы қаласында байланыс жасаған азаматтары туралы мәліметтер тиісті органдарға берілді. Эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Қарасай аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне "Короновирус инфекциясы" диагнозымен облыстың тұрғыны жатқызылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram