Қазақстандық олигархтар Назарбаевтың үндеуінен кейін 18 млрд теңге жинап берді
Тұңғыш президент өз үндеуінде коронавируспен күреске ақша аудару үшін республикалық қор құруды ұсынған болатын.
18:10 21.03.2020
Елбасы бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоғамдық қорына меценаттар мен бизнесмендерден 41 миллион доллар түсті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Қайырымдылыққа Тимур Құлыбаевтан – 10 миллион доллар, Айдын Рахымбаевтан – 2 миллион доллар, Кеңес Рақышевтан – 1 миллион доллар, Ғалымжан Есеновтен – 2 миллион доллар, Рашид Сәрсеновтен – 2 миллион доллар, Александр Клебановтан – 2 миллион доллар, Александр Беловичтен – 2 миллион доллар түсті", - деп жазды Үкібай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, қазір қорға түскен қаражат сомасы 41 миллион долларды құрайды (Ұлттық банктің бағамы бойынша 18,2 миллиард теңгеден астам). Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасаған еді. Ол ел басына түскен қиын кезеңде коронавируспен күреске ақша аудару үшін республикалық қор құруды ұсынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!