{metadescription}
Тоқаев үкіметке тапсырма берді: Бұл әзіл емес

Тоқаев үкіметке тапсырма берді: Бұл әзіл емес

Президенттің айтуынша, қағаз жүзінде медициналық маскалар жеткілікті, бірақ халық дәріханалардан бетперде таппай шағымданып жатыр.

Президент үкіметке халықты медициналық бетпердемен жедел қамтамасыз етуді тапсырды.

"Бізде әлі күнге дейін тиісті көлемде бетперделердің жетіспейтінін атап айтқым келеді. Бірақ қағаз жүзінде бәрі жеткілікті. Бір жағынан халық дәріханаларда бетперделердің әлі де жоқ екенін айтып шағымданып жатыр. Неге? Бұл алып-сатарлық жасау деп ойлаймын", - деді Тоқаев пандемияға қарсы еліміздегі күрес жұмыстарын үйлестіретін шұғыл әрекет ету орталығының жұмысымен танысу барысында.

Мемлекет басшысы халықты бетпердемен жедел қамтамасыз етуді талап етті. Сонымен қатар еліміздің барлық азаматын үнемі антисептикті пайдалануға және бетперде тағуға шақырды.

"Біз барлық қаладағы негізгі көшелерде азаматтарымызға тегін бетперде тарата алатындай болуымыз керек. Бұл үкіметтің алдында тұрған аса жедел әрі шұғыл міндет", - деді президент.

Қазақстан президенті елімізде карантин режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталып, барлық азаматты, оның ішінде, мемлекеттік қызметшілерді белгіленген тәртіп бойынша жұмыс істеуге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.