{metadescription}
Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин басталды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин басталды

22 наурыз түнгі сағат 00:00-де Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі толық күшіне енді.

Aйта кетейік, 16 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурызда еліміздің екі ірі қаласы – Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді. Шаһарлардың маңына блок-бекеттер орнатылып, келіп-кетушілер қатаң тексерістен өтетін болды. Кейіннен әкімдік тұрғындардың екі қалаға кіріп-шығуына 72 сағат уақыт берді. Осылайша толық карантин 22 наурыздан бастан енгізілетін болып шешілді.

Еске сала кетейік, бүгінде Қазақстанда 54 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Нұр-Сұлтанда – 29, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2 және Алматы облысында 1 жағдай тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде