Мейрамханаға келушілерге дәретхана қағазын сыйлап жатыр
АҚШ-тың Миннесота штатындағы мейрамхана пандемия кезінде жаңа акцияны бастады.
10:43 22.03.2020
Мейрамханада 25 немесе одан көп доллар жұмсаған кез келген клиентке дәретхана қағазын сыйға таратады. Бұл туралв Upi агенттігі хабарлады. Осылайша мекеме иелері сатылым деңгейін ұстап тұруға тырысады және сонымен бірге осындай тиісті өнімді сатып алуға үлгермегендерге қолдау көрсетеді. Бірақ олардың басқа мақсаты бар.
«Клиенттерге сыйлық ретінде бір дәретхана қағазын берген кезде олар шын жүректен күледі. Ал мұндай көңілді эмоциялар бұрынғыдан да қажет», - дейді мейрамхана иесі Шон Окерлунд.
Осылайша ол коронавирустық пандемияға күлмейтінін, бірақ адамдарды күлдіруге тырысатынын атап өтті.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!