Жолаушылары коронавирусқа тест тапсырмайынша Нұр-Сұлтан қаласына кіре алмайды
Ұшақ жолаушылары COVID-19 коронавирусына тест тапсырмайында елордаға кіре алмайды.
11:17 22.03.2020
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналы хабарлайды.
«COVID-19 тестін тапсырмайынша ұшақ жолаушылары Нұр-Сұлтан қаласына кіре алмайды. Ондай адам рейстен түскен соң бірден медициналық стационар қойылған қонақүйге жеткізіледі. Диагнозы таза адам ғана қалаға кіре алады және онда үй карантинінде болады. Анализ талдауы бір күн ішінде анықталады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 22 наурыз түнгі сағат 00:00-де Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі толық күшіне енді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары