Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Алматы қаласында коронавирус инфекциясын тағы бір адам жұқтырды.
13:49 22.03.2020
Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналы хабарлайды.
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам — жалпы 57 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін таңертең елордада тағы 2 адам инфекция жұқтырғаны хабарланған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары