{metadescription}
Маска тақпай жүрген адамдарға айыппұл салынатын болды

Маска тақпай жүрген адамдарға айыппұл салынатын болды

Өзбекстанда барлық адамға маска тағу міндеттелді.

Яғни, 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым салынып отыр. 25 наурыздан бастап бұл талапты бұзған адамға 223 мың сум, яғни 23 доллар (1 базалық есептік мөлшерлеме) көлемінде айыппұл салынады. Егер талапты қайталап бұзса 3 базалық есептік мөлшерлеме көлемінде (669 мың сум - 70 доллар) айыппұл салынбақ.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 наурызда Франциядан келген тұрғыннан коронавирус анықталған. Жексенбіде вирусты жұқтырғандардың саны 42-ге жеткен. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті. Тағы бір науқас Алматыда тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 57 науқас анықталған.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде