{metadescription}
Оралда жасөспірім жоғалып кетті

Оралда жасөспірім жоғалып кетті

Оралда 16 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Александр Милюков 19 наурыз күні таңмен Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылынан шығып кеткеннен оралмаған. Ол осыдан тура 16 жыл бұрын, 2004 жылғы 22 наурызда дүниеге келген.

Жасөспірімді көрген не хабары бар адамдар 102 немесе 92-18-04 телефонына хабарласа алады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен әйелдің ауылдан табылғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде