{metadescription}
Алматыда тағы бір адам коронавирусқа шалдықты
Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырып, Қазақстанда науқастардың саны 67 адамға жетті. Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 67 науқас тіркелді. Айта кетейік, осыған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 66-ға жеткен болатын.
10:49 24.03.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!