Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 88-ге жетті
Елде тағы жеті адамда коронавирус инфекциясы анықталды.
08:29 26.03.2020
Қазіргі уақытта барлығы 88 жағдай тіркеліп отыр. Қазақстанда тағы жеті адам тапсырған сынама COVID-19 жұқтырғанын көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі тауар және қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті. 26 наурыз сағат 08:05-те бес адамның коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Елордада үш, Алматыда екі жағдай тіркелгені хабарланған болатын.
Кейін 08:25-те астанада тағы екі адам жұқтырғаны айтылды. Соңғы мәліметке сәйкес, 88 адамда COVID-19 анықталды:
Астанада – 46 адам,
Алматыда – 34 адам,
Қарағандыда - екі жағдай,
Алматы облысында - 1 адам,
Ақтөбе облысында - 1 адам,
Шымкентте - 2 адам,
Жамбыл облысында - бір жағдай,
Солтүстік Қазақстанда - 1 адам.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.