{metadescription}
Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды

Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды

Полицейдің "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деген пікірі әлеуметтік желі арқылы таралып кеткен.

Қостанай облысында жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторы интернет арқылы таратқан бейнежазбасы үшін қызметінен қуылды. Ресми мәліметке сәйкес, ол Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылында жұмыс істеген. Достарымен бірге ауылдағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшке тауып алған.

"Учаскелік инспектор алдымен ожауды спиртке толтырып, үстінен от жаққан. Содан соң жанындағы адамдармен тапқан "олжаны" талқылап, "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деп пікір білдірген. Бұл бейнежазбаны телефонына түсіріп, WhatsApp мессенджері арқылы танысына жіберген. Көп ұзамай бейнежазба "Одноклассники" әлеуметтік желісінде таралып кетті", – делінген ресми хабарламада.

Осы әрекет бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтады. Қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.