{metadescription}
Мәжіліс жәрдемақыны 367 мың теңгеге дейін өсіру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс жәрдемақыны 367 мың теңгеге дейін өсіру туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында "Ардагерлер туралы" заң жобасы мен оған ілеспе заң жобасы қаралды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 138,6 АЕК-ке дейін, яғни 367 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, Ұлы Отан соғысына қатысушылар қатарынан Социалистік Еңбек Ерлері мен үшінші дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері үшін жәрдемақы мөлшерін 138,63 АЕК-ке дейін (2020 жылы - 367 508 теңге) арттыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 2,13 АЕК-тен (2020 жылы - 5 647 теңге) 4,8 АЕК-ке дейін (2020 жылы -12 725 теңге) өсіру көзделген.

Заң жобасында ардагерлердің бес әлеуметтік қорғалатын санаты анықталды:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • басқа мемлекеттердің аумақтарында ұрыс қимылға қатысқан ардагерлер;
  • жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  • еңбек ардагерлері;
  • заңның күші қолданылатын басқа да санаттағы адамдар жатады.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлері санатына ауған жауынгерлерінен басқа, 1992 жылдан 2001 жылға дейінгі кезеңде тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетуді күшейтуге, 1968 жылы Чехословакиядағы жанжалды реттеуге, Таулы Қарабахтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан адамдарды, сондай-ақ Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысқан ұлттық контингентті қосу жоспарланып отыр.

Жаңадан енгізілетін санат үшін 4,8 АЕК мөлшерінде (2020 жылы – 12 725 теңге) арнайы мемлекеттік жәрдемақы белгілеу ұсынылды. Арнайы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, бұл адамдарға Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілер үшін, оның ішінде тұрғын үйге кезекке қою, салық салу, тегін медициналық қызмет көрсету, санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету және тағы басқа  құқықтар мен кепілдіктер беріледі.

Бұл барлығы 11 мыңнан астам адамға қатысты.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде