{metadescription}
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-шығыста түнде және таңертең таулы аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді. Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Дереккөз: Қазгидромет

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде